Сүйген жандар, бояусыз-ақ ұнатсын!
Сүйген жандар, бояусыз-ақ ұнатсын!

Күлімдесең - ол жаныңның ажары,
Күлімдесең - ғажаптардың ғажабы.
Күлімсіреп, тұрсаң егер аваңда,
Жігіттердің өздері-ақ жазады.

Боянба да, керек емес ол қылық,
Қайтесің сен, пәк жүзіңді қор қылып. 
Күлімдегін, күлкің сенің бояуың,
Қалғың келсе, жүректерде орнығып.

Күлімдесең - алтыннан да қымбатсың,
Күлімдесең - көрінеді сымбат шын.
Ал бояуың - өшеді ғой, бір жусаң,
Сүйген жандар, бояусыз-ақ ұнатсын!

Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ

Бек ЖылқыбаевБек Жылқыбаев
5 жыл бұрын 3315
4 пікір
Блог туралы
0
6256 37 63 409 37