Көзіңді - бояп қоясың, Қасыңнан - ою оясың....
Көзіңді - бояп қоясың, Қасыңнан - ою оясың....
Көзіңді - бояп қоясың,
Қасыңнан - ою оясың.
Қытайдың жағып "крем"ін,
Бетіңнен безеу жоясың.

Әдемі, сұлу - данасың,
Өзің-ақ мінсіз - дарасың.
Жақтырмай қарап бәріне,
Қасынан өтіп барасың. 

Тартымды тәнге - иесің,
Тыртитып "юбка" киесің,
Жаныңмен - ақша сүйесің,
Қалталы байға тиесің.

Байлықтың алып үлесін,
Шалқайып өмір сүресің.
Бетіңе жауып бет перде...
Жаным-ау, 
Өзің,
Білесің...

Момақан, мыстан, жуасым,
Бір бала әрең туасың.
Енеге тастап - жалғызды,
Мәнсапты әрі қуасың.

Жылдардың көріп талайын,
Ағарар бірден самайың.
Бояуы - тағы көмекте,
Шашыңның беріп арайын...

***

Көзіңді - бояп қоясың,
Қасыңнан - ою оясың.
Қытайдың жағып "крем"ін,
Бетіңнен - әжім - жоясың.

(с) Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ
 
Бек ЖылқыбаевБек Жылқыбаев
9 жыл бұрын 6715
0 пікір
Блог туралы
0
6256 37 63 409 37