АЛЛА берсе - тасынатын, Тәубелерін - аз қылатын, Нәпсісіне - ашылатын, Ақыр болған, заман мынау!!!
АЛЛА берсе - тасынатын, Тәубелерін - аз қылатын, Нәпсісіне - ашылатын, Ақыр болған, заман мынау!!!

Байлық үшін - есін берген,
Қатқан наннан - кесірленген,
Ақшасы бар - есірленген,
Құлдыраған заман мынау..

Құлағанға - шексіз күлген,
Жүректерді - ретсіз тілген,
Көздің жасы - тек түзілген,
Сұмдық алған заман мынау..

Өсекпенен - тіл өсетін,
Бауыр десе - тілмес етін,
Қандастармен - күндесетін,
Қадірің жоқ заман мынау..

Бір арбаға - мін десетін,
Екі жаман - бірлесетін,
Параменен - тілдесетін,
Әділдік жоқ заман мынау..

Бай-байменен табысатын,
Бір-бірімен шабысатын,
Кедей жаны алысатын,
Қирап өткен заман мынау..

Баласыз-ақ бақ құшатын,
Ұл-ұлымен шатысатын,
Қыз-қызымен жабысатын,
Ұят біткен заман мынау..

Сәби сатып - тиын тапқан,
Арын ашып - үйін баққан,
Түсік тастап - қиындатқан,
Жүдей кеткен заман мынау..

Пышақтармен - шаншып жатқан,
Мылтықтармен - сансыз атқан.
Қорқынышпен - қалшылдатқан,
Үрейлеткен заман мынау..

Бір күн танып - некелескен,
Бір ай тұрып - жекелескен,
Махаббаттан - қателескен,
Сезім өлген заман мынау..

"Әкел бері, жарты"- дескен,
Дініменен, салты өшкен,
Харамына - қарты көшкен,
Безіндірген заман мынау..

Ақиқатты - жасыратын,
Шаш ал десе - бас жұлатын,
Әлсіздерді - басынатын,
Пақыр толған заман мынау..

АЛЛА берсе - тасынатын,
Тәубелерін - аз қылатын,
Нәпсісіне - ашылатын,
Ақыр болған, заман мынау!!!

 
(с) Бек Жылқыбаев
Бек ЖылқыбаевБек Жылқыбаев
9 жыл бұрын 5293
1 пікір
Блог туралы
0
6256 37 63 409 37