Сабыр қыл! Сасқаның жетеді...
Сабыр қыл! Сасқаның жетеді...

Сабыр қыл!
Сасқаның жетеді,
Сабырлық - сүйкімді етеді.
Ақылға салсаң сен ақырын,
Жылан да, дос болып кетеді...

Аңқау боп,
Жүрмегін бұл шақта,
Қулау бол!
Өзіңді жұмсатпа.
...Кездескен, жолыққан - жандарға,
Бола біл: қатты да, жұмсақ та...

Намысқа тиіссе - аяма,
Қорқытса - қашпағын саяңа.
Сүйетін, сүйікті - адамды,
Қорғағын!
Сүйе түс, аяла.

Алданба!
Алдап та жүрмегін,
Мазақтап,
Орынсыз күлмегін.
Жалқаулық мінбесін мойныңа,
Өтсін де,
Еңбекпен, күндерің.

Ренжісең,
Түсірме көңілді,
Тыныш жүр!
Біліп жүр жөніңді.
...Қайтесің бекерге бүлдіріп,
Бір-ақ рет көретін өмірді.

Көмектес,
Қарайлап шамаңа,
Байлықты - бақыт деп санама!
Тәубе де, 
Шүкір де,
Риза бол!
Қазіргі сәтіңді бағала!

(с) Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ

Бек ЖылқыбаевБек Жылқыбаев
9 жыл бұрын 21824
1 пікір
  • сізге ақыл айтып обал жасадым ба деймін. жаза беріңіз, ең бастысы - талантыңызды тұншықтырып алмасаңыз болды, саттар ағаң
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
6256 37 63 409 37