Тыңда!
Тыңда, ғашықтарым,
Жар таңдауға - асықпағын!
Қателесіп қалып, ертең...
..Көздеріңнен,
Жас сықпағын!
Сөзін емес - ісін қара,
Сыртын емес - ішін қара!
..Рухани бай - саф алтынд-а-ай,
Біл қарындас,
Түсін, бала!
Жан іздеме,
Көңілдікке,
Жар іздегін,
Өмірлікке,
Құмарлыққа - бойды берме!
Қажетті жоқ, оның тіптен...
Ажырассаң қайғы, күнә,
Қызықпа сен, байлығына.
.. Иманда да, мейірімді,
Ең керемет, жайлы, сірә...
Жүрегіңде - паналайтын,
Сүйіп сені, бағалайтын,
Жарды ізде, сенен басқа,
Жанға -
Мүл-дем!!!
Қарамайтын.
***
Жалған сезім - жарық қылмас,
Пәк махаббат - жалықтырмас.
(..Шын ғашықтар бірін-бірі,
Жұмақта да, тауыпты - рас!)
Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ
Шын ғашықтар бірін-бірі, Жұмақта да, тауыпты - рас!
|

1 пікір
-
Nurqanat BaizaqМашалла! Орынды да керек насихат. Жастар ұқса болды.6 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТ жаңа жазба қосты: "Жасөспірімдер НЕГЕ суицидке көп барады? Маман жауа..."4 ай бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Батыс Қазақстанда бір жанұя құрт сатып тапқан табы..."4 ай бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Орталық Азия: радикалдану және стратегиялық мәселе..."4 ай бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Бәйге мен көкпар аттарына дем салу дұрыс па?..."4 ай бұрынАскар Тауекелов жаңа жазба қосты: "Смерть государств и новое человечество: три опасны..."4 ай бұрынДәурен жаңа жазба қосты: "«Қожалы геноциді». Бейбіт тұрғындарды қойша қырған..."4 ай бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Halyk Bank кәсіпкерлерге арналған жаңа халықаралық..."4 ай бұрын2021, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.