Біз едік қой, Компьютерді, телефонды білмейтін, Шыбықтардан қамшы жасап, талға мініп "чу!" - дейтін.
Біз едік қой, Компьютерді, телефонды білмейтін, Шыбықтардан қамшы жасап, талға мініп "чу!" - дейтін.

Біз едік қой,
Компьютерді, телефонды білмейтін,
Шыбықтардан қамшы жасап, талға мініп "чу!" - дейтін.
Асық ойнап, ляңгы теуіп үйге мүлдем кірмейтін,
Біз едік қой!
Жарты сағат дала кезіп, кірлейтін..
Жинап өткен, кең бөлмені жақсылап бір шашатын,
Көк жәшікте - сүйіскенде,
Көзді жұмып қашатын.
Алысатын, шалысатын, жүгіртіп те жарысатын,
Біз едік қой!
Кәмпит берсе, ыстық құшақ а-ша-тын.

Жүретінбіз көмектесіп,
Ойынға да үлгеріп,
Айфонды да, айпатты да, самсунгты да білмедік.
Ол кездері шынайы дос, шын көңілмен сөйлесер,
Әлеуметтік желілерді көрмедік те, кірмедік.

Әй, өмір-ай..
Ешкім жетпес, сол шақтағы достарға,
(Қайтып мені, қайтып мені балалыққа тастар ма?)
.. Аңыз қылып айтамыз біз, анда-санда кішіге,
Сен, зомбиым,
Не айтасың??????
Келетұғын жастарға.

(с) Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ

Бек ЖылқыбаевБек Жылқыбаев
9 лет назад 7231
4 комментария
  • МаашАллах тагы да. Акын бауырым, мундай оленди жаны ашыган адам гана жазады, кур ангиме емес.
    Баларарге менше, беру керек жана техникаларды, бирак под контролем, уакытымен. Мулдем бермесен, барибир урлап алады, бос жиберсен, "черт" боп оседи. Золотую середину найти надо, но как??? Мен де шаршап кеттим негизи :)))
    9 лет назад
  • Но пока современный казактардын ишинде мына жигитке жететин жок :)

    ДАУЫС

    «Алты қырдың астынан шыққан дауыс»
    Алты қанат боз үйді шайқалта соғып кернеген.
    Сол бір ащы дыбысқа
    Қоғалы көлдің қуы мен шағала құсы шөлдеген.
    Мына жеті қат ғаламның
    Жеті нотасын меңгерген,
    Менің топырағымның әр шөбі
    күй болып кісінейді
    құба дөңдерден,
    Қоп- қоңыр домбырамнан аумаған
    қоңыр желменен.
    Күрп- күрп еткізіп күй шалсам,
    Нұрланып жан іші,
    Өзгеріп қанымның ағысы,
    Шуылдап қоғалы қамысым,
    Әсеттей қомданып,
    Қиқулап ән салсам,
    Аузымнан төгілген
    аспанның дауысы.
    Мен едім осындай даланың тағысы.
    Осы дыбыстар даламның зары шын,
    Қос ішек толғатқан
    қасірет- қайғысын.
    Киік қол қариялардың
    Сау желген саусағынан тірілген қағысын,
    Һәм домбыраның
    қоңыр бұйра дауысын,
    Есер эстрадашыл бұл қоғам
    Енді қайдан танысын?!
    Әттең, шіркін!Қос өмір ағады қос ішек қылымен,
    Түйсікпен қабылдап,
    Түсінгем мұны мен.
    Жүректің дыбысын сөндірген соқырлар,
    Соқырлар сөйлейді дүние тілімен.
    Көздердің шелімен,
    Кеуденің желімен,
    Солар ғой біздерді бауыздап тастаған,
    Қанжардай шалбардың қырымен.
    Әттең, шіркін!
    Аспан денелі алыптар қалдырған
    «Сарыарқа» күйлерім,
    Самғауық әндерім,
    Сендермен мәңгі едім.
    Аздың сен білемін,
    Тап-тақыр далам-ай,
    Ауызымен өзгенің.
    Жердің жыныққан жұлдызқұрттарын
    «Жұлдыз» деп ойлайтын
    Әумесер күндерім.
    Менің қоп-қоңыр домбырамды
    неге қорладың?
    ... Енді иесіз қалдым ба?
    Киесіз қалдым ба?
    Білмедім!..
    9 лет назад
  • Ыкылас Ожай!!!
    9 лет назад
  • Бөкен жон, бөрте қыраттар астында
    Шөптермен жабылған,
    Ақсөңке сүйектер сөйлейді,
    Не түйдік аруақтар зарынан?!
    Менің тарихым – ап-ащы, күп-күрең,
    Себебі ол, анамның жасымен,
    Атамның қанымен жазылған.
    Қария қыраттар сөйлейді күңіреніп,
    Қобыздың тілімен,
    Бір әуен талықсып жетеді құлаққа
    Торғын жел үнімен.
    Қан бөккен даламның қайғысын сеземін,
    Жылқының жалы мен жусанның бүрінен.
    Қайран, қабылан бабалар
    Басының ішінде күн жанып,
    Шуағы жүзінен байқалған.
    Орхонның көк мәрмар тасына кертіліп,
    Ерлігі айтылған.
    Түз жүрек, тау мінез түркінің
    Астында қара жер теңселіп,
    Ауызында көк аспан шайқалған.
    Ой-хой, Орхонның жазуы,
    Сен едің расы –
    Бабамның жәдігер мұрасы.
    Тамырымда күркіреп ағатын,
    Қайда сол көк тастың көгілдір дұғасы?!
    Көгілдір дұғамды
    Кеудеме кісінетіп,
    Боздадым зарлы үнмен,
    Боздадым қазақы тағдырмен.
    Сөйттім де,
    Жылқының иісіндей бұрқырап,
    Тұлпардың тостақтай көзінде,
    Тұңғиық шер болып қалдым мен.

    Ықылас Ожай
    9 лет назад
О блоге
0
6256 37 63 409 37
Прямой эфир