Ұра берсең, Ұлың сенің - жасқанады, Жасқаншақты - басынады басқалары.
Ұра берсең, Ұлың сенің - жасқанады, Жасқаншақты - басынады басқалары.

Ұра берсең,
Ұлың сенің - жасқанады,
Жасқаншақты - басынады басқалары.
Қол көтермей - тәрбиелесең ақыл айтып,
Ақылымен, ертең елді - басқарады. 
Ала білсін, өмірінен бар тынысты,
Үйрете түс:
Сабыр, шыдам, талпынысты.
Ең бастысы - иманына көңіл бөлгін,
Өссін десең, өз ұрпағың жарқын, күшті...
Еңбегімен, жүрсін ұлың баға алып,
Ақыл-оймен, өзгелерден дараланып.
Көтерілсе өзіндейді бағалайды,
Отырмайды: пара беріп, пара алып...

(с) Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ

Бек ЖылқыбаевБек Жылқыбаев
9 лет назад 22106
14 комментариев
  • машаллаһ. талант. бірақ сенің орныңда болсам, мұндай ұсақ тақырыптарға жоламас едім
    9 лет назад
    • ) Жарайды аға
      9 лет назад
    • МаашАллах оте актуальный такырып. Ал Маттар мырзага айтатыным, неге усак такырып деп ойлайсыз??? Балаларымыздын болашагы ен улкен такырап менше. Озиниз усаксыз ау осы...
      9 лет назад
      • тым қатты кеткен жоқсыз ба? әдеп сақтаңыз
        9 лет назад
      • Саттар мырза кешире койыныз мени, усак деп жазып жибердм бир сат сезиммен... Бирак тема улкен тема, ол созим орнында
        9 лет назад
        • Простите меня грешного и белого ... смайликтер керек екен осы сайтка, уйымдастырып жиберсениздер, эмоциямызды да корсеткимиз келеди...
          9 лет назад
          • құлыным, александр эмоциямызды білдіре берсек, біздің кім болғанымыз, ең бастысы, біз - адамбыз, соны ұмыьпасақ екен
            9 лет назад
        • рахмет
          9 лет назад
          • Кулыным дейсиз бе? :))) 40 ка кеп мундай естиген биртурли екен :) Сизге де рахмет. Бирак адам болган сон эмоция болады гой, эмоциянды постоянно устай берсен не болады билмейм
            9 лет назад
  • Рақмет. Маған керемет ұнады. Осылай тәрбиелей білсек ұл - қыздарымызды . Ең бастысы иманына көңіл бөлу.
    9 лет назад
  • Мен ен улкен баламда бираз каттырак караппын, бираз деймин ау оте катты караппын. Типа нагыз казактар жыламайды деп, Оте окинем, нагыз еркектер жылайды екен!!! Балага оте осторожно карау керек екен, 5-7 жаска дейн типти колдан келгенше урмак тугил урыспау керек екен. Барин акылмен жеткизуге тырысу керек екен. Оте киын, бирак дурысы ОСЫ!!!
    9 лет назад
  • Но пока современный казактардын ишинде мына жигитке жететин жок :)

    ДАУЫС

    «Алты қырдың астынан шыққан дауыс»
    Алты қанат боз үйді шайқалта соғып кернеген.
    Сол бір ащы дыбысқа
    Қоғалы көлдің қуы мен шағала құсы шөлдеген.
    Мына жеті қат ғаламның
    Жеті нотасын меңгерген,
    Менің топырағымның әр шөбі
    күй болып кісінейді
    құба дөңдерден,
    Қоп- қоңыр домбырамнан аумаған
    қоңыр желменен.
    Күрп- күрп еткізіп күй шалсам,
    Нұрланып жан іші,
    Өзгеріп қанымның ағысы,
    Шуылдап қоғалы қамысым,
    Әсеттей қомданып,
    Қиқулап ән салсам,
    Аузымнан төгілген
    аспанның дауысы.
    Мен едім осындай даланың тағысы.
    Осы дыбыстар даламның зары шын,
    Қос ішек толғатқан
    қасірет- қайғысын.
    Киік қол қариялардың
    Сау желген саусағынан тірілген қағысын,
    Һәм домбыраның
    қоңыр бұйра дауысын,
    Есер эстрадашыл бұл қоғам
    Енді қайдан танысын?!
    Әттең, шіркін!Қос өмір ағады қос ішек қылымен,
    Түйсікпен қабылдап,
    Түсінгем мұны мен.
    Жүректің дыбысын сөндірген соқырлар,
    Соқырлар сөйлейді дүние тілімен.
    Көздердің шелімен,
    Кеуденің желімен,
    Солар ғой біздерді бауыздап тастаған,
    Қанжардай шалбардың қырымен.
    Әттең, шіркін!
    Аспан денелі алыптар қалдырған
    «Сарыарқа» күйлерім,
    Самғауық әндерім,
    Сендермен мәңгі едім.
    Аздың сен білемін,
    Тап-тақыр далам-ай,
    Ауызымен өзгенің.
    Жердің жыныққан жұлдызқұрттарын
    «Жұлдыз» деп ойлайтын
    Әумесер күндерім.
    Менің қоп-қоңыр домбырамды
    неге қорладың?
    ... Енді иесіз қалдым ба?
    Киесіз қалдым ба?
    Білмедім!..

    Ыкылас Ожай!!!
    9 лет назад
  • [10.8.2015, 08:37] +7 701 233 8229: Бөкен жон, бөрте қыраттар астында
    Шөптермен жабылған,
    Ақсөңке сүйектер сөйлейді,
    Не түйдік аруақтар зарынан?!
    Менің тарихым – ап-ащы, күп-күрең,
    Себебі ол, анамның жасымен,
    Атамның қанымен жазылған.
    Қария қыраттар сөйлейді күңіреніп,
    Қобыздың тілімен,
    Бір әуен талықсып жетеді құлаққа
    Торғын жел үнімен.
    Қан бөккен даламның қайғысын сеземін,
    Жылқының жалы мен жусанның бүрінен.
    Қайран, қабылан бабалар
    Басының ішінде күн жанып,
    Шуағы жүзінен байқалған.
    Орхонның көк мәрмар тасына кертіліп,
    Ерлігі айтылған.
    Түз жүрек, тау мінез түркінің
    Астында қара жер теңселіп,
    Ауызында көк аспан шайқалған.
    Ой-хой, Орхонның жазуы,
    Сен едің расы –
    Бабамның жәдігер мұрасы.
    Тамырымда күркіреп ағатын,
    Қайда сол көк тастың көгілдір дұғасы?!
    Көгілдір дұғамды
    Кеудеме кісінетіп,
    Боздадым зарлы үнмен,
    Боздадым қазақы тағдырмен.
    Сөйттім де,
    Жылқының иісіндей бұрқырап,
    Тұлпардың тостақтай көзінде,
    Тұңғиық шер болып қалдым мен.

    Ықылас Ожай
    9 лет назад
  • Өте дұрыс жазылған сөз.
    Бірақ сіздікі екендігіне күмәнданамын.
    Бұл сөз - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшысы, стратег және тактигі, Шаң тимес (лақап аты) атамыздың сөзі.
    7 лет назад
О блоге
0
6256 37 63 409 37